|
23.11.2020 | 16:11
2266

Шанхай әуежайынан 14 мың адам шыға алмай отыр

Әуежай қызметкерінің бірінен коронавирус анықталыпты

Шанхай әуежайынан 14 мың адам шыға алмай отыр Шанхай әуежайы © REUTERS

Қытайдың Шанхай қаласындағы Пудун әуежайынан 14 мың адам шыға алмай отыр. Өйткені әуежай қызметкерінің бірінен коронавирус анықталыпты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Осыдан кейін 14 мың адамнан тұратын жұмысшылар мен жолаушыларды жауып, тексеру туралы шешім қабылданған. Ал, Пудун ауданының денсаулық сақтау комитеті әуежайды эпидемиологиялық қауіптің орташа деңгейі бар аймақ деп жариялады. Бейнекамераға түскен кадрларға қарасақ ондағы адамдар мұндай шектеуге қарсы сияқты. Арнайы форма киген мамандарды итеріп, сыртқа шығуға талпынып жатыр. Қызметкерлер жерасты тұрағында зертхана мен тексеру пунктін ұйымдастырған, онда әуежай мен жүк терминалында болған барлық адам коронавирусты анықтауға тест тапсырады екен. 

Ал, Өзге мемлекеттер адам көп жиналатын жерлерді жауып жатса, Швейцария билігі тау-шаңғы курортын ашып, айды аспанға бірақ шығарды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары мұндай қадам елде коронавирус жұқтырғандардың санының көбейіп кетуі қаупі жоғары екенін айтады. Әлем елдері коронавирустың екінші толқыны деп есі кетіп жүргенде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үшінші толқынның болатынын ескертті. Егер ауруды ауыздықтамаса кеселден жақын арада құтылмаймыз дейді ұйымның өкілі Давид Набарро.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир