|
28.03.2020 | 16:13
6753

Алматыда коронавирус ошағының 22 аймағы тіркелді

Қала әкімдігі тұрғындардан карантин режимін сақтауды сұрайды

Алматыда коронавирус ошағының 22 аймағы тіркелді kapital.kz

Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, 28 наурыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы аумағында коронавирус инфекциясы ошағының 22 аймағы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Қазіргі таңда Әуезов ауданында екі ошақ бар. Ол Жетісу-2 ықшамауданы, №70а мен Мамыр-4 ықшамауданы, №313 мекенжайында орналасқан.

Алатау ауданында бес ошақ тіркелді. Атап айтқанда, Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234 үй; Ақкент ықш., 7 үй Ақбұлақ ықшамауданы, №9; Жасыл Желек көшесі, №13; Тойшыбек батыр көшесі, №121 үй мекенжайы.

Алмалы ауданында үш ошақ бар. Олар: Желтоқсан көшесі, №125; Жароков көшесі, №16 және Жароков көшесі, №7.

Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар – Достық көшесі, №162; Гоголь көшесі, №75; Қонаев көшесі, №62; Самал ықшамауданы, №3 және 5 үйлер.

Жетісу ауданында 4 ошақ тіркелді. Еңлікгүл көшесі, №34а; Волочаевская көшесі, №51; Помяловский көшесі, №25; Құлагер ықшамауданы, №45 үй.

Түрксіб ауданында 2 ошақ тіркелді. Жұлдыз ықшамауданы, №45; Жұлдыз -1 ықшамауданы, №13 үй.

Бостандық ауданында 1 ошақ бар. Тұрғыт Озал көшесі, №242 үй.

Наурызбай ауданында 1 ошақ тіркелді. Береке көшесі №1/97 мекенжайында орналасқан.

«Қала билігі тұрғындарды карантин режимін сақтауға шақырады. Қала әкімдігі медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерімен бірлесіп, қауіпті індеттің таралуына тосқауыл болып, вирустың ошақ аймағынан тарап кетпеуі үшін күшейтілген жұмыстар жүргізуде», - деп жазылған хабарламада.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир