Үндістанда КВИ жұқтырудың рекордтық көрсеткіші орнатылды

aljazeera.com
aljazeera.com
Қазіргі таңда Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістандық дәрігерлер өткен тәулікте 97,8 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғанын анықтады. Бұл коронавирус пандемиясы басталғалы бері елде тәулік ішінде тіркелген ең жоғары көрсеткіш болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұр. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, мұнда вирус жұқтырудың 5,11 миллионнан астам жағдайы тіркелген. 

Денсаулық сақтау ведомствосы мәлім еткендей, өткен тәулікте дәрігерлер 1,13 миллионнан астам тест жүргізіп, 82,7 мыңнан астам науқастың аурудан жазылғанын анықтаған. Соңғы деректерге сәйкес, елде коронавирустан айыққандар саны 4 миллион адамнан асты. 

Қазіргі таңда 1 миллионнан астам науқас ауруханаларда ем алуда. Соңғы тәулікте бұл көрсеткіш 14 мыңға өскен. Ал індет құрбандарының саны 83 мыңнан асты, өткен тәулікте аурудан 1132 үндістандық көз жұмған. 

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы 2020 жылы наурызда жарияланған коронавирус пандемиясының "бақылаудан шығып бара жатқанын" мәлімдеді.

Ұйымның бас хатшысы атап өткендей, КВИ пандемиясы және оның туындаған дағдарысы бұрын-соңды болмаған құбылыс, әлем бұған дейін мұндай жағдайға тап болған емес. 

БҰҰ пандемияны жаһандық қауіпсіздікке "бірінші қатер" ретінде қарастырады. Ұйым көп ұзамай вирустың құрбандарының саны миллион адамға жетеді деп сенеді. 

Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 72 адам тіркелді. 

Жалпы республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 107 056 адамға жетіп отыр.

Новости партнеров