Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды
Әлемге танымал The Lancet журналында «QazVac» вакцинасы туралы мақала шықты. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«EClinicalMedicine published by The Lancet журналы (https://www.thelancet.com/journals/eclinm/) отандық «QazVac» вакцинасын клиникалық зерттеудің 1-2 фазасының нәтижелері туралы мақаланы қабылдап, электрондық нұсқасын басып шығарды. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын мақаланың жариялануымен құттықтаймын», – деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі.