Алматыда КВИ жұқтырғандар күрт өсті: эпидемиологтар вакцина алуға шақырды

Алматыда КВИ жұқтырғандар күрт өсті: эпидемиологтар вакцина алуға шақырды
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында дерт өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 есеге артқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында соңғы екі аптада мегаполисте КВИ дерті 1143-тен 2377 жағдайға дейін өскенін айтты. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қала тұрғындарынан жағдайдың ушығуын болдырмау үшін белгіленген шектеулерді сақтауды сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ж. Бекшиннің айтуынша, соңғы тәулікте Алматыда КВИ жұқтырған 305 науқас тіркелген.

«Алматыда 17 маусымнан бастап эпидемиологиялық жағдай барынша контагиозды мутацияланған жаңа «дельта» штаммының таралуына байланысты күрделене түсті. Өткен аптада ПТР нәтижеcі алдыңғы 7 күндегі 130-ға қарағанда тәулігіне 215-ке дейін өсті», – деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Ол биыл мегаполисте қазірдің өзінде 56 мыңнан астам адам вирус жұқтырған, оның ішінде маусым айында 4 573 адамның ауырғанын айтты. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында дерт өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 есеге артқан.

Новости партнеров