Қазақстанда коронавирустан 59 медицина қызметкері көз жұмды - Алексей Цой

uralskweek.kz
uralskweek.kz
Министрдің айтуынша өтемақы беру мәселесін жауапты ұйым жүргізеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан жұқтырған және осы індеттен көз жұмған дәрігерлердің туған-туыстарына өтемақы беру мәселесіне қатысы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Тізімді біз аймақтардан алып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдадық. Осы күнге дейін жұмыс орындарында медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтыруының 123 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 59 медицина қызметкері көз жұмды», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрдің айтуынша өтемақы беру мәселесін жауапты ұйым жүргізеді. 

«Біздің міндет – тізімді жинап, тапсыру. Тізімнен бөлек сол дәрігердің нақты қайда – үйінде әлде жұмыста жұқтырғаны қаралатын эпидемиологиялық карта бар. Яғни нақты эпиданализ бар», – деді ол.


Новости партнеров