Алматыда барлық сауда орталықтарында санитайзер орнатылды

Алматыда барлық сауда орталықтарында санитайзер орнатылды
Мамандардың айтуынша, санитайзер антисептигі қолды вирустар мен микробтардан 99,9%-ға қорғайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы барлық сауда орталықтарына, супермаркеттер мен метроға санитайзер орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мониторинг жүргізу арқылы қоғамдық орындарда дезинфекциялық заттардың міндетті түрде болуын жіті қадағалауда.

«Дезинфекциялық заттардың адам көп жиналатын орындарда болуы вирустың, оның ішінде коронавирустың алдын алу болып табылады. Айта кетерлігі, департамент барлық мекемелерге, барлық органдарға санитайзер орнату, желдету режимін сақтау туралы хаттар жіберген болатын. Өздеріңіз білесіздер, жеке гигиенаны сақтамау вирустың енуіне себепкер болады», — деп атап өтті Ә. Қалықова.

Департамент басшысының орынбасарының айтуынша, бүгінгі күні сауда орталықтарына, супермаркеттерге және метроға санитайзерлер орнатылған. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекеме мен мектептерде де бар. Қаладағы барлық ұйымдар дезинфекциялау заттарымен өздерін қамтамасыз етуде.

Мамандардың айтуынша, санитайзер антисептигі қолды вирустар мен микробтардан 99,9%-ға қорғайды. Бактерияға қарсы тимол атты компонентке негізделген бұл құралдың құрамында спирт, хош иістендіргіштер мен зиянды заттар жоқ, сондықтан ол балаларға еш қауіп келтірмейді. Е дәрумені тері жасушаларының қайта қалпына келуіне және микрозақымдардың жазылуына көмектеседі.

Новости партнеров