Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің Facebook парақшасында. Алматы қаласында – 4 науқас, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам тіркелді.
Осы сағатта Аламты қаласында – 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 адам, жалпы 32 науқас тіркелді.
Эпидемиологтар халықты тазалыққа шақырып, әркім өз денсаулығы үшін тазалық шараларын қатаң ұстануға кеңес берді:
– дене қызуын күніне екі рет өлшеу қажет;
– бөлмені кемінде екі рет таза ауамен желдетіп отыру керек;
– қолды сабынмен жиі жуып, кем дегенде 20 секунд мұқият тазалау керек;
– жеке гигиенены сақтап, тамақтанғанда жеке ыдысты қолдану қажет;
– суық тию белгілері болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну керек;
– респираторлық аурулардың белгілері байқалған жағдайда медициналық маска киіп жүріп, оны 2-3 сағат сайын ауыстыру қажет;
– жөтелгенде немесе түшкіргенде бір реттік майлықтар қолдану керек;
– лас қолмен көзді, мұрынды, бетті ұстамау керек;
– құрамында спирті бар дезинфекциялық заттарды қолдану қажет;
– респираторлық аурулардың белгілері бар адамдарға жақындамаған дұрыс;
– адамдар көп жиналатын жерлерге бармау керек;
– қоғамдық көліктерді пайдаланудан бас тартыңыз;
Венгрияда жүрген қазақстандықтан коронавирус табылды
Коронавирустың алғашқы белгілері қандай?