|
14.03.2020 | 16:32
3547

Коронавирусқа қарсы тұру үшін қалай тамақтану керек

Тағамтанушы Майгүл Сейдоллақызының кеңесі

Коронавирусқа қарсы тұру үшін қалай тамақтану керек Lat.egemen.kz

Көктем «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы». «Көктемнің көк өзек шағы»-атанған уақыт та осы кез. Дәл осы мезгілде адам құнарлы тамақ ішіп, иммунитетті көтеру маңызды. Кез келген вирусты ағзасы күшті адам жеңіп шыға алады дейді мамандар. Жалпы қандай тағам түрлерін қолданған пайдалы? Осы тақырыпты талқылау үшін қазір біздің Almaty.tv  студиясымен байланысқа Қазақ тамақтану академиясының маманы, Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің тағамтану кафедрасының меңгерушісі Майгүл Сейдоллақызы шығып отыр.

- Иә, көктем кезі бұл ерекше маусым болып есептеледі.  Қыстан шыққаннан кейін адам ағзасында қорлардың таусылуы, жетіспеушілігі байқалады. Ата-бабамыз «жуанның жұқаратын, жұқаның үзілетін кезі» деген ғой. Сондықтан сыртқы ортаның әртүрлі қолайсыз факторларынан сақтайтын күнделікті қарапайым және пайдалы азық-түліктермен тамақтанған жөн. Адам әртүрлі ауруларға, қабынуларға әсіресе тұмау сияқты ауруларға қарсы тұру үшін ағзада су жеткілікті болуы керек. Сондықтан бұл маусымда судың тәртібін сақтаған жөн. Әрине, балаларды ата-аналар қадағалаған жөн. Ересектер үшін 150 граммдай шай ішетін болса, қосымша 100 мл су керек. Яғни жарты стакандай су. Өйткені су адам ағзасына түскеннен кейін көптеген қалдық өнімдерді, бөгде заттарды, зиянды заттарды  шайып адам ағзасынан шығарып отырады. Су, шай, сұйықтық не үшін қажет?  Адам терлеген кезде тері арқылы зиянды заттар шығып отырады.

Екінші мәселе жемістерге көңіл бөлу керек. Көктем және күз кезінде жемістерді көп пайдалану керек. Себебі, олардың құрамына жетіспей тұрған барлық витаминдердің бәрі бар. Және қарсы тұру, иммунитеті күшейту қабынуға қарсы тұруға арналған А, Е, С витамині, Б тобының витаминдері сияқты көп. Әсіресе, цитрустар, лимон мандарин сияқты өнімдер болуы керек.

- Майгүл ханым, сарымсақ пен пияздың инфекцияға қарсы түратын қасиеттері көп деп жатыр. Жалпы осыларды қалай дұрыс пайдалану керек?

- Жалпы иммунитетті жоғарлатуда сарымсақ пен пияздың алатын орны өте жоғары. Олардың құрамында кәдімгі бактерияларға қарсы тұратын, әсер ететін заттектер болады. Мысалы олардың адам организміне түскен соң оларды жоятын күші бар. Сондықтан ересек адамдарға күнделікті қолданатын адамдар үшін пияз дастархан мәзірінде болған дұрыс. Әрине, бәрі бірдей сарымсақтың бәрін тұтына алмайды. Дені сау, асқазан ішек жолдарында гастрит сияқты басқа да өт жолдарының, ұйқы безінің қабынулары болмаса бір адам күніне бір рет сарымсақтың бір басын жейтін болса, бір тәулік бойына түрлі инфекциялардан қорғайды. Сарымсақ пен пияздан басқа күнделікті рационда міндетті түрде ет өнімдері болуы керек. Өйткені етте темір, мырыш бар. Бұл өнімдердің барлығы адамның иммунитетін көтеруге тікелей әсер етеді.

- Пайдалы кеңесіңізге рахмет.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир