Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші кезеңі амбулатория жағдайында өтеді. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Tengrinews порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Әрине, еріктілер алдын ала ауруханаға жатқызылмайды. Бәрі үйден жасалады және үйіне қайтады», - дейді Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология орталығының директоры Александр Гинцбург.
Еске салайық, 12 тамызда Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко ресейлік вакцинаның бірінші партиясы екі аптадан кейін шығарылатынын және алдымен оны дәрігерлер алатынын айтқан.
11 тамызда РФ президенті Владимир Путин елде COVID-19 инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы вакцина тіркелгені туралы мәлімдеді. Вакцина "Спутник V" деп аталады. Препарат тамыз айының ішінде шығарылады. Азаматтарға 2021 жылдың қаңтарынан бастап салынады. Бұл екпені салғаннан кейін адам ағзасында 2 жылға дейін иммунитет болады деген болжам бар.