Қостанай облысы Жітіқара қаласында жүздеген полицей үй карантиніне жіберілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін бөлімде коронавирус жұқтырған 1996 жылғы қызметкер анықталған болатын.
"Жітіқара қаласына Полиция департаментінің 80 қызметкері қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін келді. Олардың барлығы аудан әкімдігі ұйымдастырған қорғаныс құралдарымен және тамақпен қамтамасыз етілген", - деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Инфекция жұқтырған полицеймен байланыста болған адамдардан тест алынды, коронавирус расталған жоқ. Қазір барлығы үй карантинінде жатыр. Ал вирус анықталған полицейдің жағдайы қанағаттанарлық. Ол қызмет бабына байланысты науқастармен байланыста болған. Аудандық полиция бөлімі дезинфекцияланды.