Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Бэк Эйр» Акционерлік Қоғамның пайдаланушы және әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарын қайтарып алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай жаза «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңына сәйкес жіберген бұзушылықтарды жою туралы нұсқауларды орындамауына байланысты қолданылып отыр. Сондай-ақ, «Бек Эйр» компаниясының 9 Fokker әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаттары кері қайтарылды. Енді тиісті құжаттарын алу үшін қайтадан толық сертификаттау рәсімінен өтуі қажет. Естеріңізге салайық, Алматыда аталған әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған соң құқық қорғау органдары компанияның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізген еді. Нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтар анықталған.