Ресейде бір тәулікте 6 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Фото: Коммерсантъ
Фото: Коммерсантъ
Бүгінгі таңда елдегі қауіпті індет жұқтырғандар саны 42 853 адамға жеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейде бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6060 адам анықталды, тағы 48 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл Ресейде коронавирус індеті басталғалы бері алғаш тіркелген ең көп жағдай болып отыр. 

Жедел штаб мәліметінше, бүгінгі таңда қауіпті індет жұқтырғандардың жалпы саны 42 853 адамға жеткен. Ел бойынша 361 адам бақилық болған.

Ең көп ауру жұқтырғандар Мәскеуде тіркелген – 3570 адам. Одан кейін Мәскеу облысы (709 адам) мен Нижегород облысы (129 адам) тұр.

«Соңғы күндері Мәскеудегі COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 2,5 мың адамға жетті. Ауру жұқтырғандардың 60%-ында індеттің еш белгілері байқалмаған», - деп атап өтті Жедел штаб өкілдері.

Қазіргі уақытта Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде оныншы орында тұр. 

Новости партнеров