Ұлыбританияда бүгіннен бастап 15 ақпанға дейін барлық туристік дәліз жабық болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірақ бұл өзгеріс тек белгілі бір мемлекеттерге ғана арналған. Яғни, коронавирустың жаңа штаммы анықталған елден келгендерге Ұлыбританияға кіруге тыйым салынады. Австрия билігі де жалпы ұлттық карантинді 7 ақпанға дейін ұзартты. Аталған елдің Канцлері Себастьян Курц, коронавирустың мутацияланған түрының таралуына байланысты осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол, халық барынша сақ болуға, мейлінше үйден шықпауға шықарды.
COVID-19-ға қатысты сандарға зер салайық. Бүгінде қауіпті инфекцияны жаһан жұртының 95 миллионнан астамы жұқтырған. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания тұр. 2 миллионнан көп науқас аурудың кесірінен көз жұмды.