|
18.01.2021 | 23:51
6415

ТЖД қызметкерлері Түрксіб ауданында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Жалпы бүгінде Алматыдағы 145 мыңнан астам үй бақылауға алынды

ТЖД қызметкерлері Түрксіб ауданында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде Almaty.tv

Алматы қаласының Түрксіб ауданында жеке тұрғын үйлерінің бірінде жылыту пешінің ақаулығы салдарынан екі адам қаза тапты. 29 және 25 жастағы Қайрат ықшам ауданының тұрғындары жедел жәрдем қызметі келгенше жан тапсырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға орнына жеткен мамандар тексеріс барысында газ пешінің талаптарға сай емес екендігін  анықтады.

«Тексеріс барысында қазандық , газбен жанатын қазандықтың мұржасы мен қосылған жерінде герметикалық жалғану дұрыс болмағандықтан, үйдің, бөлменің ішіне улы газдың таралуы себеп болды», – деді Түрксіб ауданы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Жеңіс Бозбаев.

Мамандар болса, қайғылы жағдай орын алған жеке секторда жуырда ғана түсіндірме жұмыстарының жүргізілгенін айтады. Бірақ оған кейбір тұрғындар құлақ аспаса керек. Жалпы бүгінде Алматыдағы 145 мыңнан астам үй бақылауға алынды. Тек биылдың өзінде 21 мың нысан қайта тексерілген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир