|
21.03.2020 | 16:50
41175

Алматы облысында коронавирус жұқтырған жігіт 11 адаммен қарым-қатынаста болған

Ол Сауд-Арабиясынан Ыстамбұл арқылы Бішкекке ұшып келіп, Алматыға таксимен жеткен

Алматы облысында коронавирус жұқтырған жігіт 11 адаммен қарым-қатынаста болған открытые источники

Алматы облысында коронавирус жұқтырушы 11 адаммен қарым-қатынаста болған. Қазір барлық адамдар оқшауланып, ауруханаға каратинге жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматы облысында коронавирус жағдайы 20 наурыз күні тіркелді. Науқас сағат 10:45 минут кеткенде Қарасай аудандық ауруханасына телефон соғып, дене қызуының көтерілгені жайлы хабарлаған. Соның арқасында сағат 11:30 минутта дәрігерлер инфекциялық ауруханаға оқшаулады. Бірден ем басталды. Бүгінгі күнде оның денсаулығы орташа. Құрғақ жөтелі, аздап дене қызуы әлі де сақталып тұр.

Оның жүрген жолын тексергенде, 17 наурыз күні Сауд-Арабиясынан Ыстамбұл арқылы Бішкекке ұшып келгендігі анықталды. Бішкек кеденінен жаяу өтіп, таксимен Алматыға келген. Таксиде өзімен бірге тағы 3 азамат болған. Алматыда оны достары күтіп алған. Ол жерде бір күн болып, содан кейін Жамбыл облысына Шу қаласына өзінің отбасына барған. Ол жақта бір күн болып, Алматы облысына Қарасай ауданына келген. Қарасай ауданында өзі жалғыз тұрады. Тексере келе бұл адамның 11 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, ауруханаларға жатқызылды», - деді Талдықорғанда өткен брифннг барысында Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысында коронавирус жұқтырудың 1 оқиғасы тіркелгенін хабарлаған болатын. Осы уақытта індетке шалдыққандар саны ел бойынша 53 адамға жетті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир