|
18.03.2021 | 16:51
749

ШҚО-да 3 мыңнан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды

Жалпы пандемия басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысында 22 мыңнан астам адам СOVID-19 инфекциясына шалдыққан

ШҚО-да 3 мыңнан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцина егудің екінші кезеңі жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Вакцинацияның екінші кезеңі 4 наурызда басталған. Қазіргі уақытта 3114 адамға вакцина егілді. Дәрігерлерден кейін құқық қорғау органдарының өкілдері, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер мен журналистер егіледі. Бүгінгі таңда өңірге 10 мыңнан астам доза жеткізілген. 1 сәуірге дейін тағы 11 200 доза сатып алу жоспарланып отыр. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, тәулігіне вирус жұқтыру жағдайлары 20-дан аспайды. Жалпы пандемия басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысында 22 мыңнан астам адам СOVID-19 инфекциясына шалдыққан. 

«Орынбасарым Шәкәрім Бұқтұғұтовқа он күн ішінде толықтай вакцинацияға дайындық туралы, термоконтейнерлер мен мұздатқыштардың саны жайлы есеп беруді тапсырамын. Сондай-ақ жағдайды талдап, күзде тұмауға қарсы қанша вакцина сатып алу керектігін анықтау қажет», – деді облыс әкімі. 

Айта кетейік, иммундық плазманы дұрыс сақтауды қамтамасыз ету үшін Өскемен мен Семей қалаларындағы екі қан орталығына 20 мұздатқыш алынған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир