Азық-түлік дағдарысы бүгінде әлемді алаңдатып отыр. Себебі короновирус азық-түлікті экспорттаушы және импорттаушы елдерге кері әсерін тигізген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемнің бірқатар елдерінде ақпан айынан бастап әлеуметтік тағам түрлерінің бағасы шарықтаған. Қытайдың статистика мамандары да азық-түлік бағасының өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 11 пайызға өскенін айтады. Қауіпті індет салдарынан аспан асты елінде көкөніс бағасы 6 пайызға, ал жұмыртқа 11 пайызға қымбаттаған. Пандемия шет елдегі фермерлер мен шағын бизнес өкілдерін де тығырыққа тіреді. Кейбір кәсіп иелері тез бұзылатын тағам түрлерін сатудан мүлдем бас тартқан көрінеді. Әлемдік сарапшылар, бұл жайсыздықтарға доллар бағасының өсуі де әсер етті деп отыр.