Алматыда маска киген автобус жолаушы тасымалдап жүр

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазір маска таққан автобус әлеуметтік желіде танымал нысанға айналды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық автобус «маска тақты». Бүгін қала көшелерінде жүйіткіген №45 автобус көптің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша ұйымдастырушылар халыққа маска тағып жүрудің маңызды екенін ескерткілері келген. Әзірге Алматыда тек бір автобус қана бетперде тақты. Бұл фармацевтикалық компанияның жасаған жарнамасы. Айта кетейік, қала әкімдігі қоғамдық көліктердің барлығына ақпараттық хабарламалар ілген. Оның бірі дүйім елді бетперде тағуға шақырса, келесісі маскасыз жүргендерге салынатын айыппұл жайлы екен.

«Бұл фармацевтикалық компанияның ұсынған ұсынысы болатын. Олар жарнама ретінде тегін жапсырылатын бір ғана масканы сыйлады. Автобус паркі идеяны қолдап, оны жабыстырып қойды. Бәрі халық үшін. Бірақ оған қала әкімдігінен қаражат жұмсалмады. Бұл алматылықтарды санитариялық ережелерді сақтауға шақыратын әлеуметтік жарнама деуге болады», – деді қалалық Мобилділік басқармасы көлік инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы Әсет Төлеуішов.

«Халыққа енді бәрі қызық қой. Жарнама дұрыс негізі. Жапсырмаларды іліп жатқандары. Халықты үнемі ескертудеміз ғой. Абай болыңыздар! Сақтанып жүрейік! Бүгін байқадым, бүгін бірінші рет айдап шықтым бұл автобусты. Елдердің барлығы қызығушылықпен қарап, түсіріп, бір-біріне таратып жатыр», – деді автобус жүргізушісі Нұржан Әбдібаев.


Новости партнеров