Мектеп оқушыларына медициналық қолғап кию міндетті емес – министрлік
Фото: ашық дереккөзден
Себебі балалар коронавируспен сирек ауырса да, ауруды тасымалдайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов сабақ кезінде балаларға медициналық қолғап кигізуді міндеттеу туралы әлеуметтік желідегі ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Балаларға қолғап кигізу міндетті емес екенін айтқым келеді. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді ол
Оның сөзіне қарағанда, сабақ кезінде балаларға маска тағу керек болады.
«Себебі балалар коронавируспен сирек ауырса да, ауруды тасымалдайды. Сәйкесінше, індетті ересек адамдарға жұқтыруы мүмкін», – деп түсіндірді ресми өкіл.
Еске сала кетсек, Қазақстанда 2,5 мыңға жуық бала коронавируспен ауырған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34