Ресейде КВИ жұқтырғандар саны бойынша жаңа рекорд тіркелді
РИА Новости
Бір тәулікте коронавирустан 467 адам қайтыс болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Кейінгі тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырған 24 822 адам анықталды. Инфекциямен күрес бойынша жедел штабтың мәліметінше, бұл - жаңа рекорд, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бір тәулікте коронавирустан 467 адам қайтыс болған. Тағы 26 021 адам аурудан айықты.
Жаңа жағдайлар Ресейдің 85 өңірінде тіркелген. Науқастардың төрттен бір бөлігінде (5816 адамда) ауру ешқандай белгісіз өтіп жатыр.
Науқастар саны бойынша бірінші орында - Мәскеу, 7168 адам. Екінші орында - Петербург, 2476 адам. Подмосковьеде - 916 адам анықталған. Ресей бойынша науқастардың жалпы саны - 2 064 748.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52