|
10.04.2021 | 17:24
5680

Алматы және Алматы облысының әкімдігі агломерация тұрғындарын вакцинациялау үрдісін үйлестіру бойынша жұмыс тобын құрды

Басты міндет – Алматы облысында тұратын және Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін азаматтарды вакцинациялау бойынша бірлескен іс-қимыл алгоритмін әзірлеу

Алматы және Алматы облысының әкімдігі агломерация тұрғындарын вакцинациялау үрдісін үйлестіру бойынша жұмыс тобын құрды vecher.kz

Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдерінің орынбасарлары Ержан Бабақұмаров пен Батыржан Байжұманов онлайн форматта жаппай вакцинациялау бойынша өңірлік штабтардың бірлескен отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірлескен отырысқа қала аудандарының және облыстың шекаралас аудандарының әкімдері, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, сондай-ақ аудандық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.

Басты міндет – Алматы облысында тұратын және Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін азаматтарды вакцинациялау бойынша бірлескен іс-қимыл алгоритмін әзірлеу.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен механизмді ескере отырып, қала тұрғындары вакцинаны тіркелген жеріне қарамастан, тұрғылықты жері бойынша ала алады. Сонымен қатар, Алматы облысының көптеген тұрғындары Алматы қаласының аумағында орналасқан кәсіпорындарда жұмыс істейді. Осыған байланысты, отырыста ірі кәсіпорындардың қызметкерлерін өңіріне (Алматы қаласы, Алматы облысы) және нақты тұратын немесе тіркелген жеріне  қарамастан, жұмыс орны бойынша вакцинациялау туралы шешім қабылданды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир