Атырау облысында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылды

Атырау облысында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылды
Тұрғындар мен автокөліктер қозғалысына сағат 23.00 ден 6.00 аралығында жүруіне болмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы аумағында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов қол қойған арнайы қаулыда айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00:00-ден 31 тамыз сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын. Бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық транспортта, халыққа қызмет көрсету және демалуға арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті» -делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, Атырау облысының аумағында мынадай шектеу шаралары ұзартылып отыр. Тұрғындар мен автокөліктер қозғалысына сағат 23.00 ден 6.00 аралығында жүруіне, думанды, ауқымды спорт шаралары, көрме, форум, конференция, сондай-ақ, отбасылық, еске алу (банкет, той, мерейтой, ас беру), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де шаралардың өткізілуіне, ойын-сауық орталықтарының (бильярд, компьютерлік клуб, қорқор , букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, кинотеатрлар және басқа да ойын-сауық мекемелерінің), барлық мәдени нысандар (театрлар, концерттік залдар, мұражай, көрмелер және т.б.), фудкорт, банкет залдары, бар, караоке, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, бассейндердің қызметіне тыйым салынып отыр.

Новости партнеров