|
11.05.2020 | 17:45
6017

Шымкент қаласының 65 жастағы тұрғыны COVID-19 індетінен көз жұмды

1955 жылғы азамат Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны

Шымкент қаласының 65 жастағы тұрғыны COVID-19 індетінен көз жұмды Фото акимата Алматы

Шымкент қаласында COVID-19 індетінен  көз жұмған 65 жастағы тұрғын  ЖРВИ диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

1955 жылғы азамат Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны.

65 жастағы азаматша 2 мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген.

6 мамыр күні азаматша жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, ИВЛ аппаратына қосылған.

Қайта ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Науқастың қосалқы аурулары: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 11 мамыр күні, сағат 11:55-те науқас қайтыс болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир