Алматыда арнайы топ қоғамдық көліктердегі жаппай санитарлық ережелердің сақталуын тексерді

Алматыда арнайы топ қоғамдық көліктердегі жаппай санитарлық ережелердің сақталуын тексерді
Қазір қарсылық танытып жатқан ешкім жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маска тақпасаңыз, автобусқа міне алмайсыз. Арнайы құрылған мобилді топтар бірнеше күннен бері жолаушылардың санитарлық талаптарын қатаң бақылап жатыр. Себебі шаһардағы эпид ахуал күрделі. Бүгін мамандар осыған байланысты Бостандық ауданында қоғамдық көліктердегі жаппай санитарлық ережелердің сақталуын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Жұмысын дәл осылай бастаған мамандар 20-ға жуық автобусты тоқтатып, жолаушылар тарапынан карантин ережелерінің қаншалықты сақталатынын тексерді. Анықталғандай, көбісінде медициналық бетперде бар. Алайда кейбір азаматтар болса да тақпайды. Жауапсыз жүретін мұндай адамдарға жүргізушілер мен бақылаушылар үнемі ескертіп отырамыз, дейді.  

«Карантин уақытында біздер жолақысын тексеруден бөлек бетперде тақпаған адамдарға ауызша ескерту де бере аламыз. Себебі бұл өзіміздің, жолаушылардың денсаулығы үшін. Әрине, бетперде тақпайтын адамдар да кездеседі», – деді бақылаушы Жұлдыз Кеукеева.

«Жолаушылардың көбі үнемі маскамен отырады. Тақпағандар болса ескертіп отырамыз. Қазір қарсылық танытып жатқан ешкім жоқ», – деді автобус жүргізушісі Мақсат Төлеп.

Алайда жолаушылардың барлығы ескертулерге толықтай құлақ асады деп тағы айта алмаймыз. Себебі, жақында әлеуметтік желілерде жүргізушінің “маска тақ” деген сөзіне ашуланып, қолынан ойып тұрып тістеп алған мына видео дәлел бола алады.

«Қазіргі таңда Алматы қызыл аймақта болғандықтан күн сайын қалалық және аудандық әкімдік өкілдері қоғамдық орындарда рейд жұмыстарын күшейтіп жатыр. Сонымен қоса, автобустардағы санитарлық талаптардың сақталуын үнемі бақылап отырмыз. Сондықтан да қала тұрғындарынан өтінерім үнемі бетперде тағып жүрейік. Тексеріс жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді», – деді қалалық мобилділік басқармасының бас маманы Дәулет Мұсақажинов.

Қазіргі таңда қалада 148 бағыт бойыша жүретін 2 мыңға жуық қоғамдық көлік бар. Барлығы да соңғы аялдамаға жеткен кезде әр рейс сайын дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Мерей Қанапиянов


Новости партнеров