Ержан Бабақұмаров мобильді далалық госпитальдің дайындығын тексерді

Алматы әкімдігі / Акимат Алматы
Алматы әкімдігі / Акимат Алматы
Госпиталь ішіндегі инфекциялық бақылау мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелеріне айрықша назар аударылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ержан Бабақұмаров COVID-19 жұқтырған азаматтарды жатқызуға арналған ҚР Қорғаныс министрлігінің мобильді далалық госпитальдің дайындығын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық бітімгерлік полкі» негізінде құрылған далалық госпиталь қажеттілік туындаған жағдайда COVID-19 диагнозы расталған азаматтарды жатқызуға арналған инфекциялық стационар ретінде пайдаланылады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылық өкілі Әсел Бисенбаева және Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті өкілі Ерлік Дүйсембаев, И.Жекенов атындағы ҚКИА бас дәрігері Айгүл Абдрахманова, Алматы гарнизоны және далалық госпиталь басшыларымен бірге аталған мекеменің дайындық деңгейімен және пациенттерді қабылдау мүмкіндігімен танысты. 

«Басты назар госпиталь ішіндегі инфекциялық бақылау мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелеріне аударылды. Госпитальдің жұмыс аймақтарын «таза», инфекцияланған және шлюздар жұмысы деп бөлу қарастырылды. Сонымен бірге, госпитальді медициналық мамандармен қамту, тамақтандыру және дезинфекциялық жұмыстарды  ұйымдастыру, биологиялық, медициналық және тұрмыстық қатты қалдықтарды утилизациялау мәселелері де қаралды», - делінген хабарламада.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров әкімшілік атынан госпитальдің жеке құрамын Отан қорғаушы күнімен құттықтап, коронавирус инфекциясымен күресте қосқан үлестері үшін оларға алғыс білдірді.

Новости партнеров