Коронавирусқа байланысты Румыния мен Колумбияда төтенше жағдай жарияланды

a-tv.md
a-tv.md
Иран билігі коронавирусқа байланысты 85 мың адамды түрмеден босатты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдан бастау алған коронавирус бүгінде бүкіл әлемді жайлады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қауіпті инфекцияның таралуына байланысты Румыния мен Колумбия билігі бүгін елде төтенше жағдай  жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мектептер жабылып, сабақтар онлайн режимге көшті. Ірі сауда орындары мен көп адам жиналатын нысандардың жұмысы тоқтатылды. Бұған қоса, тұрғындардың сыртқа шығуына шектеу қойылды. Румынияда төтенше жағдай режимі 30 күнге дейін созылса, Колумбияда карантин 20 наурыздан басталып, 31наурызға дейін жарияланды. Одан бөлек, Еуропаның бұған дейін коронавирус тіркелмеген соңғы елі Черногорияда COVID-19 жұқтырған екі адам анықталды. 

Бұл туралы елдің премьер-министрі Душко Маркович мәлімдеген. Коронавирусты екі әйел жұқтырған. Черногория шетелдіктер үшін шекараны жауып, әуе, теміржол және автобус қатынасын тоқтатты. Ал Түркияда коронавирустан 89 жастағы науқас қайтыс болды. Ол бұған дейін Қытайға барған жұмысшысынан вирус жұқтырған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді. Қазір Түркияда коронавирус жұқтырған 98 адам бар. 

Айта кетейік, Қырғызстанда коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелді. Науқастар Жалал-Абад ауруханасында жатыр. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев мәлімдеді. Коронавирус жұқтырғандар Сауд Арабиясынан келген. Ал Өзбекстанда 2100 азамат карантиндік бақылауда жатыр. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны 13-ке жетті. Бұл жөнінде Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау инспекциясының басшысы Нурмат Отабеков мәлімдеді. 

Олар Ташкент облысындағы демалыс орындары мен Ташкент қаласындағы ауруханада карантинге жатқызылған. Айта кетейік, Иран билігі коронавирусқа байланысты 85 мың адамды түрмеден босатты. Онда коронавирус жұқтырғандардың саны 15 мың адамға жетті, олардың 853-і қайтыс болған.

Новости партнеров