Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты ауыр өткергендерге арнап нұсқаулық жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ауруханадан шыққаннан кейін пациенттерде көбіне демалу қиындай түседі екен. Сондықтан, аурудан емделіп шыққан адам физикалық тұрғыда бірнеше жаттығуларды жиі жасау керек. Мәселен, төсекке бір иығыңызбен басыңызға жастық қойып, екі тізені сәл бүгіп жату керек деп кеңес береді мамандар. Үстелдің үстіне жастық қойып, соған басыңызды жастап отыру қажет. Тағы бір жаттығу, орындыққа отырып, алға қарай сәл еңкейіңіз. Қолыңызды тізеңізге қойсаңыз болады. Төртіншісі, орныңызда тұрып, қолыңызды алдыңыздағы орындықтың арқасына қойып, алға қарай кішкене еңкейіңіз. Және соңғысы, арқаңызды қабырғаға тақап, қолыңызды түзу ұстап, аяғыңыздың арасын 30 сантиметр ашып біраз уақыт тұру қажет. Егер бұл жаттығулар көмектеспей, демалуыңыз қиындай түссе, бірден дәрігерге хабарласыңыз делінген нұсқаулықта.