|
24.06.2020 | 18:41
6758

Коронавирус індеті 2021 жылдың көктеміне дейін созылуы мүмкін

Пәкістанда коронавирустан айыққандар қан плазмасын саудалайтын қара нарық пайда болған

Коронавирус індеті 2021 жылдың көктеміне дейін созылуы мүмкін Фото: vestinn.ru

Қытайдың жетекші эпидемиологы Чжун Наньшань коронавирус індетінің қашан аяқталатынын болжады,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның болжамынша, аяқталу мерзімі – 2021 жылдың көктемі.  Алайда жұқтырудың екінші толқыны болмайды дейді.

Сондай-ақ, академик қысқа мерзім ішінде инфекцияның өршуіне жол бермеу үшін әуе рейстерін тоқтатып, оқу орындарын уақытша жабу сияқты қатаң шараларды қабылдау қажет екенін атап өтті. Ал, Пәкістанда коронавирустан айыққандар қан плазмасын саудалайтын қара нарық пайда болған. Вирусты емдейтін плазманың құны шамамен 1 миллион 500 мың теңгені құрайды. Бұл жағдай Исламабад ауруханаларында дәрі қорының сарқылуынан кейін туындаған. Жергілікті тұрғындар тарапынан қазір қан плазмасына сұраныс өте жоғары.  Жалпы Пәкістанда вирусты жұқтырған 185 мың науқас бар. Ал, әлемде коронавирустан айыққандар саны 5 миллионнан асты. Worldmeters халықаралық статистикасына сәйкес, 9 миллион 300 мыңнан аса адам қауіпті індетті жұқтырса, 480 мың науқас көз жұмды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир