Алматыда 2 мамыр күні сағат 15: 00-де коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1240 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызмеотіне сілтеме жасап.
«Қалада кеше коронавирустық инфекция жұқтырудың жаңадан 10 жағдайы тіркелсе, бүгін 90 жағдайы тіркелді. Олардың бәрі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.
Жаңа науқастармен байланыста болған барлық адамдар провизорлық госпитальдарға карантинге орналастырылды. Жұқпалы аурулар стационарларында 1103 адам емделуде.
Екі адамның жай-күйі – өте ауыр, 26 адамда – ауыр, 218-інде ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта провизорлық госпитальдарда – 355, карантиндік оқшаулауда – 378, үйде карантинде 11846 адам бар.
Кеше Алматыда коронавирустық инфекциядан сауығып, тағы 12 адам емдеуден шығарылды.
Оның ішінде 7-і Орталық қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлері, 2-і Балалар қалалық клиникалық ауруханасының қызметкерлері, 1-і медициналық жедел жәрдем станциясының қызметкері, 1-і N32 қалалық емхананың қызметкері және біреуі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған әйел.