Коронавирус қаупі сейілген жоқ – Тоқаев
Фото Reuters
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер парақшасында халықты көпшілік жерде абай болуға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Коронавируспен күресте оң нәтижеге қарамастан, аурудың таралу қаупі әлі де жоғары. Сондықтан сақтық шараларын қатаң сақтаған абзал. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер парақшасында халықты көпшілік жерде абай болуға шақырды. Карантин режимі күшін жоймағанын жазған.
«Коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Азаматтарды денсаулығына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда», – деп жазды ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
19.09.2026 22:13