Алматыда 20 сәуірден бастап іске қосылатын кәсіпорындар арнайы өтініш жазуы керек

17.04.2020 23:53

Егер сұрақтарыңыз болса, «Қолдау» орталығына хабарласып жауап алсаңыз болады

Almaty.tv

Алматыда 20 сәуірден бастап ірі кәсіпорындар жұмысын бастайды. Ол үшін алдымен Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына өтініш беруі қажет, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы бүгін  аталған департамент басшысы Еркебұлан Оразалин арнайы брифингте мәлімдеді. Өтініш әкімдікке түскеннен кейін арнайы құрылған жұмыс тобы мекеменің санитарлық-эпидемиялық дайындығын тексереді. Егер барлығы қалалық бас санитардың бекіткен алгоритіміне сәйкес болса, онда кәсіпорын жұмысын бастайды. Ал, көлік жөндеу, шиномантаж сынды шағын жұмыс орындараның қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

«Егер сұрақтарыңыз болса, «Қолдау» орталығына хабарласып жауап алсаңыз болады. Түскен өтініштерді арнайы құрылған комиссия қарап, кәсіпорынды тексереді. Мәселен, бүгін осы уақытқа дейін берілген өтініштер бойынша 10 нысанды аралады. Ал,  жеңіл автокөліктерін кәсіпорындардың қызметкерлері жұмыс тобы рұқсат бергеннен кейін мәліметтер базасына тіркей алады», – деді қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар департаментінің басшысы Еркебұлан ОРАЗАЛИН.