Пандемия басталғалы Алматыда жедел жәрдем қызметінің 60 маманы вирус жұқтырған. Олар – фельдшер, диспетчер, санитарлар және көлік жүргізушілері, деп хабарлайды Almaty.tv.
30 дәрігер ауруханаға жатып, ем қабылдағаннан кейін жұмысына қайта кіріскен. Қалғандарының жартысы провизорлық ауруханада, жартысы карантинде. Олармен байланыста болғандар оқшауланған. Қалалық медициналық жедел жәрдем директоры орынбасарының міндетін атқарушы Қуат Тайтөлеев медицина мамандары ауруды жұқтырып, оны жасырды деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Бізде жұмыста арнайы фильтр ұйымдастырылған. Күніне екі рет кешкі 18.00-ге дейін дене қызуын өлшейміз. Егер қандай да бір белгі анықталған жағдайда, біз шақырту жасаймыз да стационарға апарамыз. Немесе үйіне қайтарамыз. Жұмысқа қайта симптомы өткеннен кейін ПЦР анализ тапсырып шығады», – деді қалалық медициналық жедел-жәрдем қызметі Қуат ТАЙТЕЛИЕВ.