Армениядан әкелінген көлік кімге, қалай рәсімделеді

almaty.tv
almaty.tv
Көлікке сары түсті нөмір не үшін беріледі?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Армениядан келген көлікті Қазақстанда арзан бағамен сатып алған азаматтар темір тұлпарын тіркей алмайды. Көліктерді тіркеу тек Арменияда рәсімделген адамның атына ғана жазылады. Бұл туралы бүгін  Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

1 маусымнан бастап қала бойынша көлік тіркеуге 501 өтініш келіп түскен. Оның тек 119 ғана негізі талаптарға сай келеді.

«Көлікке тек сары нөмір беріледі. Сары нөмір басқа азаматтарға сатыла алмайтыны туралы белгіленеді. Ал, былай Қазақстан ішінде ешқандай шектеусіз жүре береді. Өзінің тұрғылықты жерінің салығын төлеп, айыппұлдарға түсіп қалса, соны төлеп жүре береді. Қазақстанда тіркеуде тұрады бұл көлік», – деді  Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы Жандос МҰРАТӘЛИЕВ.

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап кіргізілген көліктерге ғана тіркелуге рұқсат. Көлік иелерінен сұралатын тағы бір талап сол жақ рөлді көлік болмауы керек.  Айта кетейік, шет елдік көліктерді 1 қыркүйекке дейін тіркеуге болады.

Новости партнеров