COVID-19: Дәрігерлер науқастарды емдеу үшін қандай дәрі-дәрмек қолданады

COVID-19: Дәрігерлер науқастарды емдеу үшін қандай дәрі-дәрмек қолданады
Бұл туралы «СК Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Берік Шәріп мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктер, оның ішінде коронавирусқа шалдыққандарды емдеуге бағытталған дәрі-дәрмектер ауруханаларға үздіксіз жеткізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы «СК Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Берік Шәріп мәлімдеді. Айтуынша, биылға бірыңғай дестрибьютер тізімінде 1400-ге жуық дәрі-дәрмек бар. Дәрігерлер науқастарды COVID-19-дан жазу үшін лопинавир, ритонавир, гидро ксихлорохин препараттарын қолданып жатыр.

«Медициналық мекемелерге барлық өңірге 86 миллиард теңгеге дәрі-дәрмек толығымен жеткізілді. Оның ішінде 47 миллиард теңгеге дәрі-дәрмек бұл амбулаторлық деңгейге, яғни поликлиникаға және алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық мекемелерге жеткізілді», – деді «СК Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік ШӘРІП.

Новости партнеров