Алматыда мониторингтік топ ресейлік блогердің қатысуымен өткен іс-шараны тоқтатты

Алматыда мониторингтік топ ресейлік блогердің қатысуымен өткен іс-шараны тоқтатты
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Хасанов мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы мониторингтік бақылау тобы әйгілі ресейлік блогер Гусейн Гасановтың қатысуымен өткен іс-шараны қаланың ойын-сауық орындарының бірінде тоқтатты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Хасанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.

«Кеше қалада күшейтілген бақылау жүргізілді - бұл күн сайын жүзеге асырылады. Кешке Ремизовка бағытында біз келген мекемелердің бірінде Гусейн Гасанов жастар арасында болды. Біз олардың думанын тоқтаттық,  – деді Хасанов.

Сонымен қатар, ол блогердің жедел түрде мекемеден кетіп қалғанын айтты. Соған қарамастан арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары уәкілетті органдарды кештің ұйымдастырушылары мен қонақтарын жауапкершілікке тартуға шақырды.

«Мен ресейлік блогерге қалада шектеу шаралары күшінде екенін еске салғым келеді, ал оның кешегі әрекеті дұрыс емес. Мен мұндай бұзушылықты Қазақстан Республикасының аумағында жол берілмейді деп санаймын. Елге келген кез келген қонақ қолданыстағы заңдарды сақтауы керек. Оның қанша жазылушысы болса да, мұндай әрекет ешкімге жол берілмейді», – деді Хасанов.

Новости партнеров