Бұл туралы бүгін онлайн брифингіде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді
Алматыда ашық және жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысы және Ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы бүгін онлайн брифингіде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
«Ең біріншіден, бізді алаңдататын – базарлар. Ашық және жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысы тоқтатылады. Ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық ас беретін орындар кафе, мейрамханалар мен асханалардың жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ, фитнес және спорт орталықтары жұмыс істемейді. Офлайнда оқып жатқан сыныптардағы оқушылар санын 25-тен 15-ке төмендеттік», – еді Ж.Бекшин.
Еске сала кетейік, 21 наурыздан бастап Алматыда эпидемиологиялық ауалдың нашарлауына байланысты қатаң шектеу шаралары жөнінде қатаң карантин шараларын енгізіледі. Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.