Карантин: Алматыда тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдету үшін еріктілер жұмылдырылды
Almaty.tv
500-ге жуық ерікті тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр,
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы карантиндік жағдайға байланысты қауіпсіздік шараларды жүзеге асыруда тәртіп сақшыларының қызметі маңызды. Бүгінде қаланың кіреберіс жерлерінің 27 блок бекет қойылғаны белгілі. Полицияның біраз күші де осында жұмылдырылған. Тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдету мақсатында еріктілер де тартылды. Қазір қоғамдық тәртіпті қамтамассыз ету мақсатынды 500-ге жуық ерікті тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар қалада орналасқан мемлекеттік емес үш ұйымның мүшелері. Еріктілер учаскелік инспекторлар, патрульдік полициямен бірге профилактикалық жұмыстарды атқаруда. Еріктілердің көпшілігі ер азаматтар. Өйткені қызмет бабында неше түрлі қаңғыбастар, бұзақы адамдар кездесіп, физикалық қарсылық көрсетуі мүмін.
«Өз маршруттарына бармас бұрын олармен арнайы дайындық процедурсы өтеді. Яғни, қандай іс-әрекеттерге назар аударуы тиіс, қалайша құқықбұзушылықтың алдын-алуға болады деген сияқты осындай деректерге біз оларға үйретіп аламыз. Біз үшін қазіргі сәтте еріктілердің көмегі өте маңызды. Өйткені адамдардың қауіпсіздігі бірінші кезекте», – деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37