Қазақстанда 1 млн 2 мыңнан астам адам ПТР-тест тапсырған

vlast.kz
vlast.kz
Бұл – адам ағзасындағы вирустың фрагменттерін анықтауға мүмкіндік беретін молекулярлы биологиялық әдіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 1 млн 2 мыңнан астам адам ПТР-тест тапсырған. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Лязат Ақтаева дәл осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, сәуір айының алғашқы жартысында тәулігіне 5 мың адам, екінші жартысында тәулігіне 14 мың адам ПТР-сынамадан өтіпті. Қазіргі уақытта зертханалық зерттеу қуаттылығы тәулігіне 28 мың көрсеткішке жетіп отыр.

«13 наурыздан бастап 18 маусымға дейін Қазақстанда 1 271 471 зертханалық зерттеу жүргізілді. Яғни, осынша адам ПТР-тесттен өткен. Бұл – адам ағзасындағы вирустың фрагменттерін анықтауға мүмкіндік беретін молекулярлы биологиялық әдіс. Эпидемияның даму деңгейіне қарай зертхананың қуаттылығы мен тесттер саны ұлғайтылды. Бүгінде зертхана саны 56-ға жетіп отыр», –  деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ляззат Ақтаева.

Новости партнеров