Алматыда коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі жұмыс істейтіндер. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен онлайн брифингте Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ, індетті жұқтырғандар қатарында зейнеткерлердің үлесі – 1,6 пайыз, жұмыс істемейтіндер – 4,6 пайыз, балалар – 1,8 пайыз. Ал сенбі күні қала бойынша 117 жағдай тіркелді. Оның себебі көптеген жұмыс орындары ашылып, жұмысшылар тестілеуден өтті. Соның арқасында вирус жұқтырғандар дер кезінде анықталды.
«Өткен тәулікте қала бойынша 31 жағдай тіркелді. Тәуліктегі өсім көрсеткіші 1,1% құрады. Жалпы күнделікті өсім көрсеткіші 4,8 %-дан асқан жоқ. Күнделікті өсім көрсеткіші маңызды. Қала бойынша 2 647 жағдай тіркелді. Профилақтикалық тексеру кезінде 747 оқиға анықталды, бұл – 28,5%. Медициналық ұйымдарға өздері келгендерден 78 жағдай анықталды, байланыста болғандардар саны – 1 790», – деді қалалық мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек БЕКШИН.