Теміржол қатынасы жанданды: Алматы вокзалдары қалай жұмыс істеуде

Almaty.tv
Almaty.tv
Басты талап – карантин шараларын сақтау
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгіннен бастап елімізде пойыздар жүре бастады. Басты талап – карантин шараларын сақтау. Ал, алдағы күндері темір жол қатынасы кезең-кезеңімен барлық бағытытқа ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

 Одан бөлек, тағы қандай кәсіпорын нысандары іске қосылды?

Бүгіннен бастап жұмысын бастаған дүкендерде санитарлық талаптар қаншалықты сақталған? Түсірілім тобымызбен бірге оны тексермекке бекіндік. Ол үшін санитарлық талаптарды бұзып, яғни, маскамыз бен медициналық қолғапты шешіп кіріп көреміз. Бірінші нысан ұялы телефон құрал-жабдықтарын сататын дүкен.  

Сауда орнына камерамен кіруге рұқсат жоқ. Сол себепті ұялы телефонымызбен жасырын түсіруге тура келді.

Кейіннен тексермек болып, құрал-жабдық сататын орынға барғанымда да, сатушы менен маска талап етпеді. Келген тұтынушылармен жақын ара-қашықтықта емін еркін сауда жасап жатыр. Мұндай жағдайлар анықталған жағдайда дүкендер мен сауда орындарын жабудан бөлек, оның иесіне айыппұл салынады.

«Бұдан әрі нысандар infokazakhstan.kz сайтына тіркелуі тиіс, онда олар өздерінің әзірлігін растайды және хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік береді. Әрі қарай олардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады», – деді қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бөлім басшысы Бекжан ОНЖАН.

Ал, бүгіннен бастап Қазақстан бойынша теміржол қатынастары қайта жанданды. Алайда санитарлық норма қатаң сақталуы тиіс. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, теміржол қатынасы барлық бағытқа кезең-кезеңімен қосылады. Ал, бүгінгі пойыз Өскемен, Сарыағаш және Маңғыстау бағытына аттанды.

Қаладағы темір жол вокзалы 22 наурызда жабылған болатын. 2 айдан астам уақыттан кейін вокзал қайтадан жұмысын бастады. Бұл жердегі жолаушылар үшін арақашықтық сақталған және олардың қызуы ұдайы өлшеніп отырады. Тағы бір айта кететін жайт, вокзалдың негізгі кіре берісінен тек билеті бар жолаушылар өткізіледі. Ал олар билет сатып алғысы келсе, басқа бөлме жасақталған. Мына жерден арнайы есікке кіріп, барлық ақпаратты ала алады.  

Айта кету керек, Алматыда карантин әлі біткен жоқ. Сондықтан тазалық шараларын сақтап қажет дейді мамандар.

Ұлағат Арғын, Мұрат Тайжанов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров