СҚО-да демалыс күндеріндегі локдаун алынып тасталуы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv
Облыс COVID-19 жұқтырушылар санының өсуіне байланысты қызыл аймақта тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысында демалыс күндері енгізілген локдаун желтоқсан айының ортасында алынып тасталуы мүмкін. Бұл жөнінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, облыс COVID-19 жұқтырушылар санының өсуіне байланысты қызыл аймақта тұр. Осыған байланысты блок-бекеттер орнатылып, демалыс күндері азық-түлік дүкендерінен басқа нысандар жұмысын тоқтатқан. Сонымен қатар, пойыздар саны қысқарып, аудан мен қала ішілік автобустар жүрмейді. Облысқа ПТР-тест анықтамасы арқылы ғана кіруге болады.

«Қазір жағдай тұрақталып келеді. Ұжымдарда жаппай вирус жұқтыру фактілері тіркелген жоқ. Біз екі ай бойы логдаун режимінде жұмыс істедік. Егер  де осындай жағдай сақталса, онда біз желтоқсан айының ортасында шектеу шараларын алып тастауға дайынбыз», – деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов өңір медицинасы толығымен коронавирус пандемиясымен күресуге дайын екенін жеткізді. Облыста 200 орынға арналған инфекциялық аурухана ашылған. Қажетті жасанды тыныс алу аппараттары мен медициналық құрылғылар сатып алынған. Өңір дәріханаларында қажетті дәрі-дәрмек бар деді.

«Адам көп шоғырланатын жерге бармай, жақын қарым-қатынаста болмауымыз керек. Далада болса да, арақашықтық сақталуы қажет. Эидемиологтар сондықтан ештеңе салмауға кеңес беруде. Өкінішке қарай, биыл мұзқалашықтар мен сырғанақ салынбайды», – деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Новости партнеров