Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мутацияны анықтау үшін COVID-19 қоздырғышына күнделікті мониторинг жүргізетіні белгілі. Бүгінде аурудың күрт өсуі (1-ден 10-ға дейін) тіркелді, жалпы алғанда «дельта» (Үнді) штаммының оң сынамалардың үлес салмағы 23%-ға дейін өскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Егер Алматы қаласында «дельта» (Үнді) штаммы бұрын бір сынамада анықталған болса, қазіргі динамикада 3 тәулік мерзімінен кейін 10 сынамаға дейін ұлғайған.
Осыған байланысты қала тұрғындарына міндетті түрде COVID-19 екпесін алуы керек.
Тағы бір рет еске салсақ, «дельта» (Үнді) COVID-19 штаммының халық арасында таралуы ауруханаға жатқызу және өлімнің жоғарылау қаупіне әкеледі. Сондықтан маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халық көп жиналатын орындар мен іс-шараларға барудан қатаң сақтану керек" делінген хабарлама.