Бетперде тағу режимін енгізу күн тәртібінде тұрған жоқ – министр

 Almaty.tv
Almaty.tv
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, әзірге жағдай тұрақты деп бағаланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде соңғы аптада короновирус жұқтырғандар саны екі есеге көбейген. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, әзірге жағдай тұрақты деп бағаланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жалпы жыл басынан бері тіркелген қауіпті дерт жағдайының 80 пайызы «омикрон-стелс» штамы. Әзірге бетперде тағу режимін енгізу күн тәртібінде тұрған жоқ деп нақтылады министр.

«Дәл бүгінде республика бойынша қорқынышты жағдай жоқ - «жасыл» аймақтамыз. Біздің ауруханада жүздеген адам ем алып жатыр. Аурухананың алты-ақ пайызға толы. Соның ішінде 4 адамның денсаулық жағдайы нашар деген қорытындымен дәрігерлерің бақылауына алынды. Егер өңірлер «жасыл» немесе «қызыл» аймақтарға енсе, тиісті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қолданылады», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Сонымен қатар еліміздің бас дәрігері науқастардың ішінде ревакциналау уақыты өтіп кеткендер көптігін айтты. Әсіресе ірі мегополистерде, яғни Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркеліп жатқан аурулардың 80 пайызында қайта екпе алу уақыты келген екен.

«Қазіргі кезде туризмнің жандануына байланысты, балалардың жазғы демалысқа, қазақстандықтардың шетелдерге шығып жатқанына немесе өңірлер арасындағы миграцияға байланысты бұл ауру ауамен таралатын вирустық инфекция болғандықтан кеңінен таралу қаупі бар. Сондықтан бүкіл қазақстандықтардан дер кезінде вакцинация немесе ревакцинация алып, өздерінің де денсаулығын қорғап жүруін сұраймыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният




Новости партнеров