Алматыда карантинде жатқан науқастардың жағдайы қалай

ernur.kz
ernur.kz
Бұған дейін осы орталықтан карантинде болған 73 адам үйіне шығарылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда карантинде  жатқан науқастар өз жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Германиядан ұшып келген бұл әйел қаладағы №2 көп салалы орталыққа 22 наурыз күні оқшауланған. Оның сөзінше, өзімен бірге жатқан адамдардың барлығы 1-категорияға жататын Еуропа елдерінен оралыпты.  

–  Біз бәріміз Италия, Германиядан ұшып келдік. Карантиннен өтіп жатырмыз. Мұнда бізге жақсы жағдай жасалған. Жатын орындарымыз таза, медбикелер сыпайы әрі мұқият қарап жатыр.

– Орталыққа түскенімізге бүгін тоғызыншы күн. Мына жерде барлығы бар. Керек десеңіз, бес мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Тамағы өте дәмді.

Бүгінде қалалық №2 көп салалы медициналық орталықтағы адамдардың жағдайы бір қалыпты дейді алматылық дәрігерлер. Бұған дейін осы орталықтан карантинде болған 73 адам үйіне шығарылған. Қазіргі уақытта мұнда 108 азамат жатыр. Оның ішіндегі 105-сі  Қазақстан  азаматы.  

«Біздің орталықта бұл азаматтарға барлық жағдай жасалған. 5 мезгіл тамақ ішеді. Өздеріне керек заттардың барлығы осы жерде бар. Келген азаматтардың кейбіреуінің сүлгілері, халаттары болмайды. Соған дейін біз қамтамасыз етіп отырмыз», – деді Алматы қаласы № 2 көп салалы медициналық орталықтың бас дәрігері Сапар РАХМЕНШЕЕВ.

Жалпы соңғы ақпарат бойынша, Алматының провизорлық орталықтарында 854 адам, ал карантиндік госпитальдарда 477 адам медициналық бақылауға алынған. Одан бөлек, екі мыңнан астам азамат үй карантинінде отыр.

Назкен Еркін, Валерий Таубалиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров