|
27.07.2022 | 20:25
2796

Елімізде соңғы аптада коронавирусті жұқтыру 2 есе көбейген

Шілде айында 3 адам індеттен көз жұмды

Елімізде соңғы аптада коронавирусті жұқтыру 2 есе көбейген egemen.kz

Коронавирустің қаупі күшейіп барады. Шілде айында 3 адам індеттен көз жұмды. Ал соңғы аптада елімізде вирусты жұқтыру шамамен 2 есе көбейген. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Оның айтуынша, ауруға шалдығушылардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында тіркелген. Эпидахуалдың күрделенгеніне қарамастан ақ халаттылар көмегіне жүгінушілер саны қысқарған.

«Бүгінгі күні 1342 пациент емдеуге жатқызылды. Төсек-орын қамтылуы 30 пайызды құрайды. Стационарда емделіп жатқан науқастарға талдау жүргізілді. Осылайша квимен ауырып жатқандардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалар 36 пайызын құрайды. Ересек пациенттер 64 пайызын құрайды», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова.

Ақпараттық алаңда бас мемлекеттік санитар дәрігер қазақстандықтарға вакцина салу қажеттігін айтты. Қазіргі күні елімізде вирусқа қарсы 1,5 млн доза вакцина бар. Оның ішінде «QazVac»-180 мыңға жуық дозасы, Sinopharm-1,2 млннан астам және 55 мыңға жуық Pfizer екпесі тұр.

тің қаупі күшейіп барады. Шілде айында 3 адам індеттен көз жұмды. Ал соңғы аптада елімізде вирусты жұқтыру шамамен 2 есе көбейген. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды

Оның айтуынша, ауруға шалдығушылардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында тіркелген. Эпидахуалдың күрделенгеніне қарамастан ақ халаттылар көмегіне жүгінушілер саны қысқарған.

«Бүгінгі күні 1342 пациент емдеуге жатқызылды. Төсек-орын қамтылуы 30 пайызды құрайды. Стационарда емделіп жатқан науқастарға талдау жүргізілді. Осылайша квимен ауырып жатқандардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалар 36 пайызын құрайды. Ересек пациенттер 64 пайызын құрайды», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова.

Ақпараттық алаңда бас мемлекеттік санитар дәрігер қазақстандықтарға вакцина салу қажеттігін айтты. Қазіргі күні елімізде вирусқа қарсы 1,5 млн доза вакцина бар. Оның ішінде «QazVac»-180 мыңға жуық дозасы, Sinopharm-1,2 млннан астам және 55 мыңға жуық Pfizer екпесі тұр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир