Алматы кафелері мен мейрамханалары келушілерді көптеп қабылдай алады

voxpopuli.kz
voxpopuli.kz
Әлеуметтік қашықтықтандыру қажет болғандықтан, аталған мекемелерде отырғызу орындарының саны ең кем дегенде 1,5-2 есеге төмендеп кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 мамырдан бастап, Алматыда жазғы алаңдарды қоса алғанда, қоғамдық тамақтандырудың 3100-ден астам нысандары өз қызметін қайта бастады, деп Almaty.tv хабарлайды.

Олардың жұмыстарының негізгі шарты көрші столдағы отырған келушілердің кемінде 2 метр ара қашықтығын  камтамасыз ету және бір столға, бір отбасы мүшелерін айтпағанда, 4 адамнан артық адам отырғызбау болып қалып отыр. Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмысына сағат 23:00-ге дейін рұқсат берілді.

Әлеуметтік қашықтықтандыру қажет болғандықтан, аталған мекемелерде отырғызу орындарының саны ең кем дегенде 1,5-2 есеге төмендеп кетті. Бұдан басқа, кейбір нысандарда жазғы алаңдар жоқ.

Халық арасындағы жоғары маусымдық сұранысты ескере отырып және қызмет көрсету саласының нысандарын қолдау мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі жазғы алаңдар санын, оларды іргелес жатқан аумақтарға орналастыру есебінен, арттыру мүмкіндігін ұсыну туралы шешім қабылдады.

Осылайша, бұдан бұрын жазғы алаңдары жоқ нысандарға мейрамхананың немесе кафенің іргелес жатқан аумағына, күрделі құрылыс салмай, уақытша, эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға және шектеу шаралары алынғанға дейін қосымша орындар қоюға рұқсат етіледі. Бұл ретте, столдар жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге, сондай-ақ автомобиль көлігінің жүруіне кедергі немесе қолайсыздық келтірмеуі тиіс.

Алматы қаласының меншігіндегі жер телімдерінің шекараларында маусымдық кафелерді (жазғы алаңдарды) орналастыру жер-құқықтық қатынастары ресімделмей жүзеге асырылады. Алайда, аталған нысандарды тұрғын үйлердің терезесінің алдынан ашуға, сол үйлердің тұрғындарының жазбаша келісімі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Нысандардың қызметіне барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда, рұқсат етіледі.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта, қалада банкеттер мен салтанатты жиындар өткізуге салынған тыйымдар сол күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, аталған кезеңде караоке, бильярд және басқа да қоғамдық тамақтандыру аумағында жұмыс істейтін көңіл көтеретін мекемелердің жұмысына тыйым салынған. Кальян жұмыстарына карантиннің барлық кезеңіне тыйым салынған.

Қызметін қайта бастайтын нысандардың www.infokazakhstan.kz сайтына тіркелуі қажеттігін косымша хабарлаймыз. Қазіргі уақытта, порталда 31 мың кәсіпорын және 491 мыңнан астам қызметкер тіркелген.

Новости партнеров