|
01.10.2020 | 20:34
3849

Түркияға қатынайтын әуе рейстер саны азаяды

Қазақстанда енгізілетін жаңа шектеулер туралы шешімдер қабылдады

Түркияға қатынайтын әуе рейстер саны азаяды biletik.aero

Ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда енгізілетін жаңа шектеулер туралы шешімдер қабылдады. Ол туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның сөзінше, басқа елдермен арадағы әуе рейстерін қайта жаңғырту тоқтатылады, әуе қатынастары қалпына келтірілген елдермен арадағы рейстердің саны арттырылмайды. Түркияға қатынайтын әуе рейстер саны азаяды. ІІ-санаттағы елдерден келетін адамдар үшін термометриядан өтуді, сауалнама толтыруды, сондай-ақ қолында мерзімі 3 күннен аспаған COVID-19-дың бар-жоғын растайтын анықтама қағаздың болуы міндеттеледі. Ал мұндай анықтамасы жоқ жолаушыларды карантинге орналастыру үшін екі күнге ауруханаға жатқызлады, яғни ПТР тестінің нәтижесі шыққанша оқшауланады. Ал оның нәтижесі расталған адамдар инфекциялық ауруханаға ауыстырылады. Ауру анықталмаған адамдар тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігердің бақылауына алынады. Осындай талаптар Еуразиялық экономикалық Одақ елдері мен Өзбекстанның автожолдарындағы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік шекарадан өтетін адамдарға да қатысты болмақ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир