Соңғы екі аптада Ресейден Қазақстанға ПТР анықтамасы жоқ 1718 адам өткен

21.11.2020 01:37

Тестілеу алу кезінде 166 адаманың COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды

Almaty.tv

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны өсуде. Соңғы екі жұмада вирус жұқтырғандар саны 1,7 есеге өскен. Облыс қызыл аймаққа енгеніне байланысты каарнтиндік шаралар қатаңдатылды. Осы орайда бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Толығырақ Almaty.tv тілшісі бейнематериалында.

Соңғы тәулікте облыс бойынша 85 адам COVID-19 вирусын жұқтырған. 39 адамда ауру белгілері бар, ал 46 адамда ауыру белгілерінсіз өтуде. Мамандардың сөзінше, коронавирус  жұқтыру фактілері көбіне Ресей және шекаралас елдерден келген азаматтардан анықталуда. Соңғы екі аптада шекара бекетінен 1718 адам ПТР анықтамасынсыз өткен. Тестілеу алу барысында  166 адаманың COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды түзеу мақсатында санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы қабылданды.Осы орайда адамдардың бір жерде шоғырлануын болдырмау үшін азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 22.00 дейін ұзартылды.

«Сонымен қатар, азық-түлікті жеткізіп беру уақытын сағат 10.00-нан 20.00-ға дейін қысқарту. Саунарлардың жұмысын тоқтату. Тек қоғамдық моншалардың жұмыс істеуіне рұқсат. Спорт, жаттығу залдарында 50 пайыздан 30 пайыз адаммен ғана жұмыс істеу. Сонымен қатар, 80 пайыз қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу керек. Құрметті солтүстік қазақстандықтар! Корноавиру пандемиясы әлі аяқталған жоқ сондықтан санитарлық нормаларды сақтасаңыздар деймін», – деді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының міндетін атқарушы Арман Күшбасов.

Қазіргі таңда облыстық инфекциялық  ауруханада 1165 төсек орын

дайын. Бүгінгінде 420 адам стационарлық ем қабылдауда. Сонымен қоса, карантиндік 280 орын бар. Қазіргі таңда 22 адам реанимация бөлімінде жатыр. Оның біреуі ауыр халде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының өсуіне байланысты өңірде тағы да 315 төсек орын дайындалды. Облыстың медициналық мекемелері, стационарлары екінші толқынға дайын.  Қажетті медициналық құралдармен, аппараттармен қамтамасыз етілген», – деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов.

Жалпы СҚО бойынша пандемия басталғалы бері 5345 адам  COVID-19 вирусын жұқтырған. Олардың 4483-і жазылып шықты. Ал 27 адам қайтыс болған. Қазіргі таңда облыста карантиндік шаралар енгізілген. Облыс аумағындағы 6 аудан мен Петропавл қаласы жабылып,  блок-бекеттер орнатылған.