|
25.04.2020 | 20:38
1142

Коронавирус індеті басталғалы Алматыда 39 мың ПЦР тесті алынған

Тағы 19,5 мың экспресс-тест қауіп аймағында жүрген топ өкілдерінен алынды

Коронавирус індеті басталғалы Алматыда 39 мың ПЦР тесті алынған Фото: pravda.com.ua

Коронавирус індеті басталғалы Алматыда 39 мың ПЦР тесті өткізілді. Тағы 19,5 мың экспресс-тест қауіп аймағында жүрген топ өкілдерінен алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифинг кезінде қаланың Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«Коронавирусты анықтайтын 40 мыңға жуық экспресс-тест қалаға гуманитарлық көмек аясында жеткізілді. Қазіргі кезде оның 19,5 мыңнан астамы тегін негізде жүргізілген. Коронавирус жұқтырды деген 16 жағдай ПЦР әдісімен анықталды. "Олимп" клинико-диагностикалық зертханасы бес жедел тестілеу пункттерін ашты. Олар – тегін, бірақ тек белгілі бір тұлғалар тобына ғана жасалады. Тестілеу еліміздің Бас санитарлық дәрігерінің бекіткен Қаулысының талаптарына сай жүргізіледі. Бірінші кезекте бұл инфекция жұқтыру қаупі жоғары аумақта жұмыс істеп жатқан топ өкілдері, мысалы блок-бекеттерде жұмыс істейтін әскери контингент. Бұлардың алдынан өте көп азаматтар өтеді. Яғни, олар өте көп тұлғалармен қарым-қатынаста жұмыс істеп жатыр. Лабораториялық орталыққа жаппай бару мен кезекке тұрмас үшін олардың жұмыс орындарында талдаулар жинау мақсатымен көшпелі бригадалар құрылды», – деді Ж. Бекшин.

Қаланың бас санитарлық дәрігері Алматыда ПЦР әдісімен коронавирусқа күніне 2700 тестке дейін алынатынын айтты.

Тестілеу жоспарлы түрде, бірінші кезекте медициналық қызметкерлер, әлеуметтік-медициналық ұйымдардың қызметкерлері сияқты жұқтыру қаупі жоғары деген топтарда жүргізіледі.

Оларды тестілеу аяқталғаннан кейін сауда қызметкерлерін, курьерлерді және басқа да кәсіптердің өкілдерін тестілеу басталмақшы. Өйткені, олар қызмет бабымен көптеген адамдармен байланысуда.

Қазіргі уақытта Алматыда 20 мың ПЦР тест бар, жақын арада тағы 30 мың тест жеткізілмекші. ПЦР тесттермен жабдықтау республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир